Главный » Казахские песни » Али Байжұмат - Бағалай білмейміз біз барды

Али Байжұмат - Бағалай білмейміз біз барды

Али Байжұмат - Бағалай білмейміз біз барды
  • Исполнитель: Али Байжумат
  • Песня: Багалай билмеймиз биз барды
  • Длительность MP3: 1:29
  • Размер MP3: 1,35 MB
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 8-10-2020, 05:19
  • Скачиваний: 167

Хотите скачать песню Али Байжумат с классным звучанием? На сайте Muzzona.Kz ХИТ Али Байжумат 2020 года «Багалай билмеймиз биз барды» скачали больше 167 раз – бесплатно в mp3 формате.

Текст песни Али Байжұмат - Бағалай білмейміз біз барды
Бағалай білмейміз біз барды,
Әйтпесе, әр жанда бар арман.
Жігіттер, сүйіңдер қыздарды,
Қыз деген сол үшін жаралған.

Керек қой, әрине, білек те,
Жігітке ол артықтық етпейді.
Әйтсе де әңгіме жүректе,
Сезімге ешбір күш жетпейді.

Сезімді тұра алар бүгіп кім,
Жан ұғар жақынның жоқ теңі.
Ең ізгі ерлігі жігіттің —
Бір қызды бақытты еткені.

Бір рет қасірет шекпеген,
Бақыттың бағасын ұқпайды.
Бір қызды бақытты етпеген,
Жігіттен ерлік те шықпайды.

Мойында, жалтарма, шегінбе,
Азамат атанғың келсе егер.
Адамдық дегенің тегінде
Адамды сүюмен өлшенер.

Орды да, торды аңдамай,
Қанша қыз қайғыдан езілді.
Қорламай, арбамай, алдамай,
Сыйлаңдар оларға сезімді.

Аяла, еркелет, аймала,
Жанының жарасын жазып бер.
Болсыншы бақытты қайда да,
Болмысы гүл тектес нәзіктер.

Бәріміз зәруміз бақытқа,
Болғанмен әрқилы түсінік.
Қазіргі қатігез уақытта,
Адамды аяу да — кісілік!

Онсыз да бұл заман ызғарлы,
Күйреуде күнәсіз сан арман.
Сүйіңдер, сүйеңдер қыздарды,
Қыз деген сол үшін жаралған.

Похожие песни
Берік Мұқаш - Бағалай біл
2:49
2024 © Скачать музыку По всем вопросам пишите на: [email protected]