Главный » Казахские песни » Тоқтар Серік - Бір көш кетіп барады

Тоқтар Серік - Бір көш кетіп барады

Тоқтар Серік - Бір көш кетіп барады
  • Исполнитель: Токтар Серик
  • Песня: Бир кош кетип барады
  • Длительность MP3: 4:03
  • Размер MP3: 3,72 MB
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 26-01-2021, 11:37
  • Скачиваний: 901

Хотите скачать песню Токтар Серик с классным звучанием? На сайте Muzzona.Kz ХИТ Токтар Серик 2020 года «Бир кош кетип барады» скачали больше 901 раз – бесплатно в mp3 формате.

Текст песни Тоқтар Серік - Бір көш кетіп барады
Бір көш кетіп барады, көсемі көп,
Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп,
Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер,
Аларың көп қайтейін, есебің жоқ.

Бір көш кетіп барады, батыры көп,
Балтасы бар батырдың, ақылы жоқ,
Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп,
Мадақ айтқан қасында 'ақыны' көп.

Бір көш кетіп барады, данасы жоқ,
Ілескен жұрт артында панасы жоқ,
Бір бай кетіп барады, кердең-кердең,
Қатыны көп қасында баласы жоқ.

Бір көш кетіп барады, жиғаны көп,
Жұртқа тастап қалғанын симады деп,
Ата-анасын зарлатып, еңіретіп,
Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ.

Бір көш кетіп барады, түйесі көп,
Мына көштің белгісіз иесі жоқ,
Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып,
Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ.

Бір көш кетіп барады, күймесі жоқ,
Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ.
Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз,
Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ.

Бір көш кетіп барады, тілін білмей,
Жаратқанын танымай, дінін білмей.
Бір көш кетіп барады міне осылай,
Бірін білсе жалғанда, бірін білмей.

Қолдаса деп бір Алла елімізді
Қалған мұра бабадан жерімізді.
Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ,
Төгейікші бірлікке терімізді.

Похожие песни
Абдижаппар Алкожа - Кустар ани
4:00
Тоқтар Жұмаш - Әкешім
4:09
Наркенже - Бір көш кетіп барады
5:10
Терме: Наркенже Серікбаева - Бір көш кетіп барады
5:10
Тоқтар мен Бейбіт - Туған ел
4:15
2024 © Скачать музыку По всем вопросам пишите на: [email protected]